Accessibility links

Өзбек хұқық қорғаушылары жазалануда


Өзбек хұқық қорғау тобының мүшелері наурыздың 3-де тұтқындалды. Олар хұқық қорғау тобының ақпанның 27-де болған жиынын күшпен таратқан полиция өкілдерін ресми биліктің жазалауын талап етіп шеруге шыққан болатын.

Ол жолы бірнеше белсенді қамауға алынған еді. Қамауға алынғандардың ішінде адам хұқын қорғаушы белсенді, кезінде зорлықпен билік тарапынан жындыханаға жатқызылған Елена Урлаева да бар. Түрмедегі тұтқындардың босатылуын талап еткен белсенділердің айлықтарынан айыппұл да ұсталған болатын.
XS
SM
MD
LG