Accessibility links

Зауыт жұмысшыларының жалақылары төленбей отыр


Шымкенттегі қорғасын зауытының жұмысшыларының жалақылары өткен жылдың қыркүйек айынан бері төленбеген. Кәсіпорын жетекшісі жұмысшыларға 1 наурызға дейін түгел есептесіп болатынын уәде еткен, — деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін».

Соңғы екі апта бойы жергілікті телеарнаның журналистері зауыттағы жағдайды бақылауда. Бірақ олар зауыт басшысын осы уақыт ішінде бір де бір рет кездестіре алмаған. Олардың ақпаратынша, ақша аз мөлшерде түскен. Кассаға түскен аз ақша күші көптерге ғана беріліп жатқан көрінеді.

«Соңғы рет жұма күні ақша берілді, онда тек 15-20 жұмысшы ғана жалақы алды, сонымен ақша таусылып қалды, әлі жүздеген адам кассаның аузын тосып жүрміз», — деді жұмысшылар журналистерге.

Аталған кәсіпорынның жұмысы күзде тоқтатылып, жұмысшылар қараша айында ақысыз еңбек демалысына жіберілген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG