Accessibility links

Ақпараттық ұйым басшылары Иранды журналисті босатуға шақырды


АҚШ пен Британияның журналистік ұйымдары Иранды американдық журналисті босатуға шақырды. Тегі ирандық Роксана Сабери қаңтардың 31-де қамауға алынып, содан бері абақтыда отыр.
Иран билігі болса Сабери өзінің журналистік куәлігі екі жыл бұрын алынғанына қарамастан, елде жұмысын жалғастыра берген деп отыр.
Оның әкесі Сабери Иранның исламдық заңы бойынша тыйым салынған бір бөтелке шарап сатып алып жатқанда ұсталған деді.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон өткен аптада Теһраннан ол журналисті босатуын сұраған.
Бүгінгі хатқа қол қойған журналистік ұйымдардың қатарында ABC, BBC, Wall Street Journal сынды ақпараттық ұйымдар бар.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG