Accessibility links

БҰҰ: Ауғанстандағы жағдай нашарлап барады


БҰҰ-ның жаңа баяндамасына сәйкес, Ауғанстандағы жағдай нашарлап барады және осы жылы Талибанның бүлікшілік әрекеттері одан сайын күшеюуі мүмкін.

Қауіпсіздік кеңесіне жолданған баяндамада БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги-мун биыл Ауғанстан үшін күрделі жыл болады деп атап көрсеткен. Президент Барак Обама көктемде Ауғанстанға қосымша 17 мың АҚШ сарбазын жібереді. Кейін олардың саны одан сайын өсіріледі.

2001 жылы АҚШ жетекшілігіндегі күштер Ауғанстандағы Талибан билігін құлатқан болатын. Содан бері бұл елде зорлық-зомбылық әрекеттері тоқтамай отыр.
XS
SM
MD
LG