Accessibility links

Бин Ладен араб басшыларын сынады


Әл-Қаида жетекшісі Осама бин Ладен жаңа аудиотаспа шығарған көрінеді. Әл-Жазира телеарнасы көрсеткен әлгі таспада бин Ладен таяуда орын алған Израилдің Газадағы әскери операциясын “холокост” деп атап, Араб жетекшілерін соғысты тоқтату үшін жеткілікті дәрежеде әрекет етпеді деп айыптады. Әл-Қаида басшысы араб лидерлерін мұсылмандарға қарсы әрекет етуге Батыспен келісіп алған деп сынады.

Қаңтар айында бин Ладен өзінің аудиотаспасында мұсылмандарды Израилге қарсы джихад ашуға шақырған болатын.
XS
SM
MD
LG