Accessibility links

Чехия парламенті АҚШ-пен келісімді ратификациялауды кейінге қалдырды


Чехия парламентінде АҚШ-пен зымыранға қарсы қорғаныс жөніндегі келісімді ратификациялау мәселесі кейінге қалдырылды. Үкіметтік коалиция бұл құжатты оны қолдайтын дауыс саны жеткіліксіз деген себеппен парламенттен қайтарып алды.

Чехия премьер-министрі Мирек Тополанек ратификациялау процесінің сәуірдегі НАТО саммитінен және АҚШ-тың жаңа президенті Барак Обама әкімшілігімен келіссөздерден кейін қайта қолға алынуы мүмкін екенін айтты.

АҚШ-тың Чехия мен Польшада зымыранға қарсы қорғаныс нысандарын орналастыру туралы жоспары Ресейдің наразылығын тудырып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG