Accessibility links

Банкир Роман Солодченко Қазақстаннан қашты


БТА Банктың бұрынғы жетекшісі Роман Солодченко бүгін Азаттық радиосына берген арнайы сұхбатында, үкіметтің дағдарысқа қарсы бейкәсіби іс-әрекетімен «банкты талқандауына» наразылық ретінде Қазақстаннан кетуге мәжбүр болғанын мәлімдеді. Роман Солодченконың айтуынша, мемлекеттік бюджеттен миллиардтаған доллар қаржыны тартуға объективті қажеттілік болмаған.

Үкімет биылғы жылғы ақпан айында БТА Банктың басшылығын ауыстырып, банкты өз бақылауына алғанға дейін Роман Солодченко осы банктың басқарма төрағасы болып жұмыс істеген. Банктың директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Әблязов пен басқарма төрағасының бірінші орынбасары Жақсылық Жарымбетов қызметтерінен кетірілді. Ол екеуіне қарсы қылмыстық іс ашылды. Әблязов пен Жарымбетов Қазақстаннан шетелге кетті. Олардың ізінше енді Роман Солодченко да елден кетті.

Роман Солодченконың Азаттыққа берген сұхбатын бірер сағаттан кейін www.azattyq.org сайтынан оқисыздар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG