Accessibility links

Обама Қаржы министрін қызметінен кетірмейді


АҚШ президенті Барак Обама Қаржы министрі Тимоси Гейснерді қызметінен алмайтындығын айтты. Ол тіпті министрдің өзі қызметінен кетуге өтініш берсе де оның арызын қабылдамайтынын мәлімдеді. Обама бұл жөнінде АҚШ-тың “60 минут” атты теледидарына берген сұхбатында айтты.

Гейснерге елдегі экономикалық дағдарысты ауыздықтай алмауда деген және басқа да айыптар тағылуда. Ол АҚШ банк жүйесін күйреуден қалай аман сақтап қалу керектігі жөніндегі өз жоспарымен алдағы аптада таныстырады деп күтілуде. Тұтынушыларға несие беруді тоқтатып тастаған ол банктер күйреу қаупіне кезігуде.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG