Accessibility links

«БТА банкінің» бұрынғы басшысы Солодченкоға іздеу жарияланды


«ҚазТаг» ақпарат агенттігі «Тұран әлем банкінің» бұрынғы басқарма төрағасы, соңғы уақытта басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған Роман Солодченкоға 21 наурызда іздеу жарияланғандығы туралы ақпарат таратты. Аталған агенттік бас прокурордың көмекшісі Сәкен Бихсанғаливтің сөзіне сілтеме жасап отыр.

2007 жылдың 1 наурызы мен 2008 жылдың 1наурызы аралығында аталмыш банктің басқарма төрағасы Роман Солодченконың "БТА банкі" мен Excellent Glide авиакомпаниясының арасында банккке қызмет көрсету, жол сапарға шыққан оның қызметкерлерін Challenger-604 и ЯК-40 2Г ұшағымен тасымалдау туралы келісімшарт жасағанын бүгінгі өткен брифингте Сәкен Бихсенғалиев мәлім етті.

«Келісімшартта көрсетілгендей, аталмыш компанияға банк ай сайын кепілдендірілген 93 миллион 600 мың теңге (шамамен 624 мың доллар) төлеп отырған. Сонымен қатар, банк авиакомпанияға ұшақтардың пайдалану құнын күнтізбедегі әр тәуілік бойы төлеп отырды» деді Сәкен Бихсенғалиев. Оның айтуынша, соңғы екі жылда банктен авиакомпанияға 13 миллион доллар аударылған. «Бұл жерде айта кететін бір мәселе, аталған сома авиакомпанияға Мұхтар Әблязов пен әйеліне және оған жақын адамдарға жасалған қызмет үшін төленген».

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG