Accessibility links

Ауғанстандағы жарылыстан 7 адам опат болды


Бүгін Ауғанстанда орын алған жарылыстан 7 адам қаза тауып, 9 кісі жарақат алды. Бұл жарылыс соңғы апталарда жиі шабуылдар жасалып жатқан елдің шығысындағы Хост өлкесінде болды. Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Земарай Башаридің айтуынша, бұл шабуылды Ауғанстан халқының дұшпандары жүзеге асырған. Қаза тапқандардың арасында бір әйел бар, дейді Башари.
XS
SM
MD
LG