Accessibility links

Сеулде Қазақстан-Оңтүстік Корея үкіметаралық комиссиясы басқосты


Бүгін Корея Республикасының Сеул қаласында сауда-экономикалық және ғылыми техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Оңтүстік Корея үкіметаралық комиссиясының төртінші отырысы өтуде, — деп хабарлайды ҚР СІМ ресми өкілі Ержан Ашықбаев.

Комиссия екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін қарастырмақ. Аталған жиынға Қазақстан жағынан аталған үкіметаралық комиссияның тең төрағасы ретінде Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы А.Баталов ал Оңтүстік Корея жағынан Сыртқы істер және сауда вице-министрі Ли Ен Джон қатысады.
XS
SM
MD
LG