Accessibility links

Грузия сыртқы істер министрі Клинтонмен кездесті


Грузия сыртқы істер министрі Григол Вашадзе Вашингтонда АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райспен келіссөздер өткізді. Мемлекеттік департаментінде сөйлеген сөзінде Клинтон бұл кездесу АҚШ-Грузия әріптестігін күшейтуге бағытталған деді. Клинтон сондай-ақ Вашингтон Грузия тәуелсіздігі мен демократиясына қолдауын күшейтуді көздеп отыр деп атап көрсетті. Алайда ол Грузияда 6 күнге жалғасқан наразылық шаралары туралы ешнәрсе айтпады.

Грузия оппозициясы президент Михаил Саакашвилидің қызметінен кетуін талап етіп, жаппай шерулерін өткізуде. Оппозиция Саакашвилиді өткен жылы Ресеймен арада орын алған соғысқа байланысты және ауторитарлық әдістерді қолдануына қатысты сынап отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG