Accessibility links

Иранға ешқандай ел шабуыл жасай алмайды деді Ахмадинежад


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад Техранда бүгін, сәуірдің 18-де болған әскери салтанат барысында сөйлеген сөзінде, Иранға ешқандай ел шабуыл жасай алмайды деді. Ол сондай-ақ Иранның әскери мүмкіндігін аймақтағы тұрақтылық кепілі деді. Бұл мәлімдеме Иранның ядролық бағдарламасына орай теке-тірестер өсе түскен тұста жасалып отыр.

Израилдің жаңа үкіметі Иранның ядролық нысандарын бомбалауы мүмкін деген де қаусет тараған еді. Алайда Израиль президенті Шимон Перес ол сөздерді жоққа шығарды. Иранның ядролық бағдарламасына орай айтысты әскери күшпен шешу идеясы жоқ деді ол.
XS
SM
MD
LG