Accessibility links

Чернобыль апатына – 23 жыл


Бүгін Чернобыль атом-электр стансасындағы апатқа 23 жыл толды.
Осы апаттың салдарынан Еуропаның 10 аса мемлекетінің 145 мың шаршы шақырым жері радиоактивті заттармен ластанып, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Жексенбіге қараған түні Киевте «Чернобыль қаһармандарына» арналған мемориалдық ескерткіштің алдында құрбандарды еске алу шарасы өтіп, оған Украина президенті Виктор Ющенко қатысты.
Жексенбі күні Минск қаласында беларусь оппозициясының Чернобыль қасыретін еске алу акциясы өтеді. Мәскеуде осы апаттың салдарымен күрестің құрбандары жерленген Митин зиратында арнайы митингі болады.
Қазақстанда да Чернобыль апатының салдарымен күресіп, түрлі ауруға шалдыққан мыңдаған азамат бар. Олардың мәлімдеуінше, билік оларды барлық жеңілдігінен айырып, олардың халін ескермей отыр.
XS
SM
MD
LG