Accessibility links

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жамбыл облысында жер асты дүмпулері байқалған, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ мәліметінше, MSK-64 бағанының өлшемімен 2–3 баллдық жер сілкінісі Тараз қаласы мен Мерке ауданында тіркелген.

ҚР Білім және ғылым министрлігі сейсмология институтының ақпаратынша, дүйсенбі күні таңғы сағат 6-да Қырғызстанның территориясында орын алған энергетикалық класы К=12,5 жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 426 шақырымда болған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG