Accessibility links

Қазақстан және Қырғызстан сыртқы істер министрлері кеңесінің үшінші отырысы өтуде


Бүгін Астана қаласында Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Қадырбек Сарбаевтың Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан және Қырғызстан сыртқы істер министрлері кеңесінің үшінші отырысы басталды.

СІМ кеңесінің үшінші отырысында сауда-экономикалық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың көкейкесті мәселелері талқыланады.

«Бүгінгі отырыста өзара ынтымақтасты дамыту жөніндегі міндеттерді анықтау мен сыртқы саясат мәселелерін үйлестіруді қарастырамыз», — деді Қазақстанның сыртқы істер министрі Марат Тәжин.

Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Қадырбек Сарбаев өз кезегінде екі елдің қарым-қатынасы өзара ынтымақтастыққа негізделгенін атап өтіп: «жоспарланған істерді жүзеге асыруды келісім барысында талқылаймыз» , — деді.
XS
SM
MD
LG