Accessibility links

Азия дағдарыс кезінде өсім саясатын қайта қарау керек


Жапония қаржы министрі Кауру Йосано азиялық елдер өз экономикаларындағы экспортты азайтып, көбірек ішкі талапқа назар аудару керек деді. Йосано бұл туралы Балидегі Азиялық даму банкінің жылдық жиынында айтты. Оның сөзіне қарағанда, Азия елдері жергілікті қажеттілікті ынтыландыру үшін экспорт нарығындағы сауданы қайта қарау керек.
Ол сонымен қатар азиялық аймақ экономикалық тоқырауда адам шығынын азайту үшін әрі сенімге кіру шараларында әлеуметтік саланы қорғауға көбірек қаражат жұмсау қажет деді.
Азиялық даму банкінің ескертуінше, егер ғаламдық қаржы дағдарысы осылай жалғаса берсе, келесі жылы кедейлік тауқыметін 160 млн адам тартуы мүмкін.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG