Accessibility links

Шииттер көсемі Мұқтада әл-Садр Түркияға барды


АҚШ күштеріне қарсы қанды көтерілістерге жетекшілік еткен Ирақтағы шииттер көсемі Мұқтада әл-Садр Түркияға барып, сенбі күні Стамбулда 70 шақты шиит өкілімен кездесті. Олар Ирақтың келешегі туралы сөйлескен.
Ирақтағы жалпы сайлаулар жыл аяғында болады деп күтіліп отыр. Қазіргі 275 мүшесі бар парламентте әл-Садрдың 30 шақты жақтасы отыр.
Мұқтада әл-Садр соңғы кезде көрінбей кеткен еді, соңғы рет 2008 жылдағы наурыздың 29-да әл-Жазира телеарнасына сұхбат берген.
XS
SM
MD
LG