Accessibility links

Бүгін Байқоңырдан «Союз-У» зымыраны ұшырылады


Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс М-02М» жүк тасымалдаушы ғарыш кемесі бар «Союз-У» зымыраны ұшырылады. Зымыранның ұшырылуы жергілікті уақытпен 24 сағат 37 минутқа белгіленген. Ол Халықаралық ғарыш станциясымен 12 мамыр күні 01:23 –те түйісуі тиіс.

«Прогресс М-02М» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына ғылыми тәжірибеге арналған құрылғылар, скафандр, оттегі, азық-түлік пен су, жанар-жағармай сияқты екі тонна жүк алып ұшпақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG