Accessibility links

МАГАТЭ: Сирия жасырын ядролық реактор салмақ болған


Сирия үкіметі жасырын түрде ядролық реактор салмақшы болған деп мәлімдеді халықаралық атом қуаты жөніндегі агенттік (МАГАТЭ) басшысы Юкия Амано. Бұл туралы ол бейсенбі күні Парижде сөйлеген сөзінде айтты деп хабарлайды "Ассошейтед пресс" агенттігі.

МАГАТЭ басшысы Сирияда осыдан бес жыл бұрын Израиль әскери әуе күштерінің соққысынан қиратылған нысан сол салынып жатқан реактордың құрылысы болған деп атап өткен.

Ресми Дамаск 2008 жылдан бері МАГАТЭ өкілдеріне әуе соққысына ұшыраған жерді көрсетпей отыр. Сирия билігі өз аумағындағы ядролық нысандар туралы болжамдарды үнемі жоққа шығарып келген.

Израиль Сирияға қарсы операция жүргізгені және оның мақсаты туралы деректерді ешқашан растаған емес.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG