Accessibility links

Бүгін Пәкістан президенті мен Британия үкімет басшысы кездеседі


Асиф әли Зардари мен Гордон Браунның Лондондағы осы кездесуі кезінде Талибанға қарсы күрес жайы талқыланбақшы. Бұл кездесу Пәкістан үкімет әскерінің Талибан қарулыларына қарсы шабуылдарының күшейе түскен кезімен тұспа-тұс келіп отыр.

Сондай-ақ Пәкістанда НАТО жүк көліктеріне шабуыл жасалды. Пешавар қаласына жақын жерде, бүгін, мамырдың 13-де болған талибандық қарулылар шабуылы кесірінен 8 жүк көлігі істен шықты. Полицияның айтуынша, бұл шабуылға 40 шақты қарулы қатысқан.

Талибан жасақтары Ауғанстандағы НАТО-ның бастауындағы күштерге арналған жүк керуеніне осылайша шабуыл жасап келеді.
XS
SM
MD
LG