Accessibility links

Грозныйда жанкештілік шабуыл 2 адамның өмірін қиды


Ресейдің ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Грозныйда орын алған жанкештілік шабуылдан екі полиция қызметкері қаза тапты. Ресейдің оңтүстігіндегі Шешенстан республикасындағы бұл шабуыл ел астанасындағы Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында болды. Басқа шығындар туралы әзірге мәліметтер түспеді.
Ресей соңғы 15 жыл бойы жікшіл көтерілісшілерге қарсы соғысы сияқты болған Шешенстандағы терроризмге қарсы күресін өткен айда ресми түрде тоқтатқан болатын.
XS
SM
MD
LG