Accessibility links

Мәскеуде ШЫҰ өкілдері есірткіге қарсы күрес мәселелерін талқылайды


Бүгін Мәскеуде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына қатысушы мемлекеттердің есірткіге қарсы күрес ведомстволарының басшылары кездеседі.

Кездесу барысында есірткі заттарының заңсыз айналымымен күресудегі ынтымақтастық туралы мемлекетаралық келісімнің жүзеге асу бырысы талқыланады. Жиынның күн тәртібінде Ауғанстан аумағынан шығатын есірткі қаупі, БҰҰ-ның есірткіге қарсы күрес құрылымдарымен ынтымақтастық ұйымының бірыңғай ұстанымда болуы сияқты жағдайлар қарастырылады.

Талқылаудың қорытындысы бойынша Ауғанстан аумағынан шығатын есірткі қаупіне қарсы тұруды күшейту жөніндегі ұсыныстар бекітілмек.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG