Accessibility links

Қырғызстан шабуылға қатысты Ташкенттің айтқандарын қабылдамады


Қырғызстан өзбек ресмилерінің сейсенбі күні Өзбекстанда орын алған жанкештілік шабуылдар мен қарулы қақтығыстарға қатысты мәлімдемелерін жоққа шығарып отыр. Бұл қақтығыста кемінде екі адам қаза тапты. Өзбек прокурорлары Әндіжанға жақын орналасқан шекарадағы Ханабад қаласындағы полиция бекетіне болған екі-үш содырдың шабуылын айыптап, олар кейін шекарадан асып кетті қырғыз жеріне кетті деді.
Қырғызстанның шекара күзетшілерінің өкілі Чолпонбек Тұрысбеков өзбекстандықтардың ол айтқандарын қабылдамай, бұл жағдайдың шынайылығымен келіспейтінін айтты.
Хабарларға қарағанда, Өзбекстан бұл шабуылдан кейін әскери көліктері мен қарулы күштерін шекараға жақын орналастырып қойған.
XS
SM
MD
LG