Accessibility links

Ресей Мысырда 30 студенттің қамауға алынғанын айтуда


Ресей сыртқы істер министрлігі Мысырдан осы аптада ресейлік 30 студентпен қатар бес елдің оқушыларын билік не себепті қамауға алғанын түсіндіруді сұраған. Ресей министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда, Мысырдың арнайы қызметінің өкілдері Каир қаласындағы әл-Ажар университетінің жатақханасына басып кіріп, студенттерді белгісіз бір жерге алып кеткен. Ресейдің хабарлауынша, ұсталғандардың ішінде ресейліктермен қатар Британия, Дания, Франция, Тәжікстан және Өзбекстан студенттері де бар.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG