Accessibility links

Батыс жағалаудағы қақтығыста 6 палестиндік қаза тапты


Батыс жағалауда палестиндіктер арасында орын алған қақтығыста 6 адам қаза тапты. Ресмилердің айтуынша, Палестина президенті Махмуд Аббастың қауіпсіздік күштерінен үш адам Хамас жауынгерлерімен атыста қаза тапқан. Қалқилия қаласында болған бұл қақтығыста сондай-ақ екі Хамас жауынгері мен бір бейбіт тұрғын өлген.
Қақтығыс полиция Хамастың қарулы мүшелерін қамауға алмақ болғанда орын алған. Полиция қалаға коменданттық сағат енгізген.
Президент Махмуд Аббастың Фатх қозғалысы мен 2007 жылы Газа қаласын басып алған Хамас исламшылдары арасында текетірес жалғасып келеді.
XS
SM
MD
LG