Accessibility links

Оңтүстік Осетияғы сайлауда президентті қолдайтын партия жеңді


Грузияның жікшілдік аймағы Оңтүстік Осетиядағы жергілікті сайлауларда президентті қолдайтын партия жеңіске жетті. Сайлау ресмилерінің мәлімдеуінше, жексенбі күнгі сайлаудың соңғы қорытындысы бойынша Бірігу партиясы 46.36 пайыз дауысты иеленсе, Халық партиясы 22.53 пайыз дауысқа қол жеткізген, ал Коммунистік партия 22.25 пайыз дауыс жинаған.

Аймақ жетекшісі Эдуард Кокойтыдың атап көрсетуінше, Оңтүстік Осетия республика таңдаған тәуелсіздік бағытында бірігіп жұмыс атқаратын болады.

Тбилиси мен Чехия төрағалығындағы Еуропа Одағы бұл сайлауларды заңсыз деп сипаттады.

Өткен жылы Ресей мен Грузия арасында орын алған соғыстан кейін Оңтүстік Осетия өз тәуелсіздігін жариялаған болатын. Оны тек Ресей мен Никарагуа елдері ғана мойындады.
XS
SM
MD
LG