Accessibility links

Қазақстанда «Арлан» атты трактор құрастырылады


Алматы облысының Қаратал ауданындағы Үштөбе қаласында ауылшаруашылығы саласына арналған «Арлан» атты қазақстандық трактор құрастыратын зауыттың ашылуы болды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған жоба мемлекет пен жеке меншік серіктестік қағидаты бойынша жүзеге асырылуда, инвестициясының көлемі 268 миллион теңгені құрайды. Жобаны Ұлттық инновациялық қордың қатысуымен құрылған «Әрекет» венчурлық қоры қаржыландыруда. Оны жүзеге асыру мақсатында «Қараталагротех» атты арнайы компания құрылған. Ал тракторды құрастыруға арналған бөлшектерді жеткізіп тұратын стратегиялық серіктес ретінде ауылшаруашылық техникасын жасауда 55 жылдан астам тәжірибесі бар Қытайдың «YTO Group» 1-ші мемлекеттік трактор зауыты таңдалған.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанға жылына 5 мың жер жыртатын доңғалақты тракторлар қажет көрінеді. Ал «ҚараталАгроТех» компаниясы жыл сайын 700-ге жуық трактор құрастыруды жоспарлап отыр. «Арлан» тракторларынан басқа «ҚараталАгроТех» компаниясы аспалы және тіркеме жабдықтардың кең көлемді түрлерін сатумен айналысады.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG