Accessibility links

Мұсылмандық ұйымдар АҚШ президентінің жолдауын қолдады


Қазақстан мұсылмандары одағы мен Орталық Азиядағы адам құқықтары жөніндегі мұсылман комитеті АҚШ президенті Барак Обамаға оның қазіргі әлемдегі саяси реформалау жөніндегі бастамасына қолдау білдіріп, жолдау жіберді, — деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары одағының баспасөз қызметі.

«Оның Каирдегі сөйлеген сөзі әлемде үлкен резонанс туғызып, Құрама Штаттар мен мұсылман қауымдастықтарының өзара байланысын дамытуды жандандырды. Бұл сөздің саяси прагматизмінен гөрі шынайы сезімі көбірек екеніне сенгіміз келеді», — делінген жолдау мәтінінде.

«Жолдағы асу бермес қиындықтардың кездесуі алға қойылған міндеттердің бәрін шешуге мүмкіндік бермейтін де шығар. Дегенмен қатып қалған түсініктерді бұзуға арналған ұмтылыстың өзі көңілді қуантып, құрмет сезімін тудырады», — дейді хат авторлары.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG