Accessibility links

АҚШ Гуантанамодағы ұйғырларды көшірді


АҚШ әділет министрлігінің мәлімдеуінше, Кубадағы Гуантанамо абақтысында отырған 4 ұйғыр азаматы Бермудаға көшірілген. АҚШ әкімшілігі бұл азаматтарға тағылған айыптарды жойған.

Ал бұл екі арада Палау республикасының президенті Джонсон Торибионг Гуантанамодағы 17 ұйғыр азаматын өз елінде қабылдауға келісіп отыр.

Бұл ұйғырларды «лаңкестікте» айыптап отырған Қытай билік орындары оларды Бейжінге тапсыруды талап етті.
XS
SM
MD
LG