Accessibility links

Обама: Иранда өзгеріс болуы мүмкін


АҚШ президенті Барак Обама Иранның президент сайлауы алдындағы қызу пікірталастар ол елде өзгерістің болуы мүмкіндігін көрсетті деп мәлімдеді. Вашингтонда сөйлеген сөзінде Обама Ирандағы пікірталастар мені ынталандырды, біз ол жерде өзгеріс болуы мүмкін деп ойлаймыз деп атап көрсетті. Обаманың айтуынша, сайлауда кімнің жеңіске жетуіне қарамастан, Ирандағы мұндай пікірталастар АҚШ-тың дипломатиялық әрекеттерін дамытуға көмектесуі ықтимал.
XS
SM
MD
LG