Accessibility links

БҰҰ: Абхазия қауіпсіздігі бақылаушыларсыз әлсірейді


БҰҰ-ның Абхазиядағы бақылаушылар тобының басшысы Джоан Вербекенің айтуынша, бақылаушылардың бұл жікшілдік аймақтағы қызметі 15 маусымнан ары қарай ұзартылмаса, онда Абхазияда тұратын грузин текті азаматтар хұқы қорғаусыз қалмақшы. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі бақылаушылар міндетін одан әрі ұзарту қарарына байланысты екіге бөлініп, қарар жобасын әлі талқылау үстінде. Ресей Абхазияның тәуелсіздігінің мойындалғанын қалайда. Ресми Тбилиси болса, аталған қарарда Грузия егемендігінің қамтылуын қалайды.
XS
SM
MD
LG