Accessibility links

ЕуроОдақ Нетаньяхудың үндеуін қолдады


Еуропа Одағы Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың Палестина мемлекетін құруды қолдайтын жолдауын қызу қуаттады. ЕуроОдақ төрағалығындағы Чехия сыртқы істер министрі Ян Кохуттың мәлімдеуінше, Нетаньяхудың үндеуі «дұрыс бағыттағы қадам» болған.

Жексенбі күні Нетаньяху алғашқы рет Палестина мемлекетін құруды қолдады бірақ ол үшін нақты шарт қойды. Палестина мемлекеті қарусыздануы керек және ол Израилді еврейлердің елі деп мойындауы тиіс деп атап көрсетті Нетаньяху.

Ресми Вашингтон Нетаньяхудың үндеуін «алғабасушылықтағы маңызды қадам» деп атады. Ал Палестина автономиясы мұны саботаж деп сипаттады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG