Accessibility links

Көліктік бақылау комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары тұтқындалды


Қазақстанның Транспорт және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Хакімжан Жаңбырбаев тұтқынға алынды, оған бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылды, — деп хабарлайды қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

Мұрат Жұманбайдың айтуынша, 26 маусым күні қолға түскен Хакімжан Жаңбырбаев қызмет бабын пайдаланып, көліктік бақылау бекеттерін техникалық жарақтандыруға бөлінген 93,6 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталды, 29 маусымда ол сот санкциясымен тұтқындалды.

Ресми өкілдің мәліметінше, ҚР Транспорт және коммуникация министрлігі алты көліктік бақылау бекетін техникалық жарақтандыруға 210 миллион теңгеден астам қаржы бөлген.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG