Accessibility links

Иранда Британияның елшілік қызметкеріне айып тағылды


Теһрандағы Британ елшілігінде қызмет еткен ирандыққа “ұлттық қауіпсіздікке қарсы әрекет етті” деген айып тағылды.

Оның адвокаты Абдолсалам Хоррамшидің айтуынша, Британ елшілігінде саяси сарапшы болған Хоссейн Рассам Евин түрмесінде отыр. Енді таяу арада сотқа тартылатын болады.

Осының алдында Британия сыртқы істер министрі Дэвид Милибанд Теһрандағы Британ елшілігінде қызмет еткен жергілікті азаматтың сотқа тартылады деген ақпаратты анықтап жатқандықтарын айтқан еді.

Британия елшілігі басында Иран билігі өздерінің Теһрандағы 9 қызметкерін қамауға алып, кейін екеуін босатқанын хабарлады. Иран олардың тек біреуін ғана қамап отырғандарын айтты.
XS
SM
MD
LG