Accessibility links

Колумбиялық футболшы жанкүйерін өлтірді


Колумбияда жергілікті футболшы өзін мазақ еткен жанкүйерді атып өлтірді. Колумбия полициясының хабарлауынша, өткен жексенбі күні Барранкилья қаласының футбол клубының жартылай қорғаушысы Хавьер Флорес көшеде 27 жастағы жанкүйерге оқ атты. Футболшыны көрген әлгі бейбақ жанкүйер таяуда болып өткен маңызды ойында ұтылып қалғаны үшін оны мазақ ете бастаған.

Флорес қылмыс жасаған жерінен қашып кетіп, бірақ кейінірек полицияның қолына өзі беріліпті.
XS
SM
MD
LG