Accessibility links

Каспий теңізіне құлаған тікұшақ апатының себебі іздестірілуде


12- шілде күні Каспий теңізіне құлаған әзірбайжандық мұнайшыларды тасымалдайтын Ми-8 тікұшағы 85 метр тереңдікте жатыр, — деп хабарлайды Trend ақпарат агенттігі.

Мұнайшыларды теңіздегі кен орындарына тасымалдауға пайдаланылып жүрген AZAL авиакомпаниясының тікұшағы платформадан көтеріле бере қирап құлаған. Борттағы экипаждың үш мүшесі мен бір мұнайшы ғана аман қалған, олар қазір ауруханада. Екі мұнайшыны іздеу жұмыстарын сүңгуірлер жүргізуде. Апаттың себептері анықталған жоқ.

Оқиға орнында мемлекеттік азаматтық авиация әкімшілігі мен AZAL авиакомпаниясының өкілдері, Әзірбайжан Бас прокуратурасы мен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жұмыс істеуде.
XS
SM
MD
LG