Accessibility links

Грузия оппозициясының жетекшісі жаңа партия құрды


Грузия оппозициясының жетекшісі, Грузияның БҰҰ-дағы бұрынғы елшісі Иракли Аласания жаңадан саяси партия құрды. Ол ел президентіне қарсы наразылықтар босқа қалмайды деді.

Аласанияның “Біздің Грузия-еркін демократтар” деп аталатын партиясына сәуір айында Саакашвилидің биліктен кетуін талап еткен оншақты партия қосылып отыр.

Грузия оппозициясы президент Саакашвилиді билікті өз меншігіне айналдырып алды деп айыптап келеді. Және өткен жылы тамыз айында Ресеймен болған соғыс үшін кінәлайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG