Accessibility links

Журналистер Бас прокурордың атына ашық хат жолдады


Алматыда жиналған мемлекеттік емес журналистердің ұйымдары ҚР Бас прокуроры Қайрат Мәмидің атына ашық хат жолдады. Онда олар жуық арада шешімі шығу тиіс Рамазан Есіркеповтің ісін жіті бақылауға алуды сұрап отыр.

Бұдан бұрын Тараз қаласындағы №2 сотта жабық жағдайда өтіп жатқан процесте прокурор судьядан айыпталып отырған 4 адамды кінәлі деп тауып, оларға әртүрлі жаза белгілеуін, солардың арасында журналист Рамазан Есіркеповті 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Журналистер қауымы кәсіби қызметін атқарғаны үшін журналистке осынша қатал жаза қолдану дұрыс емес дейді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG