Accessibility links

Ирақта әл-Қаиданың тапсырмасын алған үш жасөспірім ұсталды


Ирақтың қауіпсіздік күштері әл-Қаиданың тапсырмасын алып, велосипедпен бомба шабуылын жасамақ болған үш жасөспірімді қамауға алды.

Ирақ армиясының Бағдадтағы өкілі генерал Қассим Атта ол балалар "әл-Қаида арыстаны" деген топтың мүшелері болған әрі қауіпсіздік күштеріне қарсы шабуыл жасауға жаттықтырылған деді.

Сәуір айында Киркуктың қауіпсіздік күштері әл-Қаидаға жұмыс істейтін 14 жастағы 4 баланы ұстаған болатын. Олар өздерін "жұмақ құстары" деп атап, жанкештілік шабуылдар жасауға дайындалған.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG