Accessibility links

Нұрдәулет Сүйіндіков: Экстремистік бағыттағы 88 материал тәркіленді


Қазақстанда биылғы жылдың алғашқы жартысында құқық қорғау органдары тарапынан экстремистік бағыттағы 88 материал тәркіленді, — деп хабарлады Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков.

Оның айтуынша, Бас прокуратураның мәлімдемесі негізінде Астанада сот шешімімен журнал, кітап, брошюра, листовка түріндегі 207 материал экстремистік деп танылған. Республика аумағына оларды әкелу мен таратуға тиым салынған.

«Экстремистік бағыттағы деп танылғандардың ішінде шетелдік «Аль-Вай» журналы бар, онда діни және ұлттық алауыздық пен өшпенділік сипаттағы материалдар басылған, бұған қоса «Хизб-ут-Тахрир-аль-Ислами» діни партиясының 157 ақпараттық материалы мен радикалды «ваххабизм» идеологиясын насихаттаушы 22 материал, сондай-ақ «Мұсылман бауырлар ассоциациясы» діни-саяси ұйымының 2 материалы осы санатқа жатқызылды», — деді Сүйіндіков.
XS
SM
MD
LG