Accessibility links

Ауғанстандағы БҰҰ-ның өкілі сайлауға көңілі толғанын айтты


Ауғанстандағы БҰҰ-ның ресми өкілі бейсенбі күнгі президенттік және аймақтық сайлаулардың прогресті жағдайда өткеніне көңілі толғанын айтты.

Дауыс берулер барысында журналистерге сұхбат берген Кай Ейде Ауғанстандағы сайлаулар кезінде шабуылдар болып жатса да, жалпы алғанда олар мен қауіптенгеннен төменірек болды деді.

Кабулдағы БҰҰ миссиясының да өкілі Алим Сыдық талибандардың сайлауды болдырмау қаупіне қарамастан, дауыс беруге жиналғандар саны ынталандыратындай деп айтты.

Ауғанстандағы президенттік сайлауға 30-дан аса кандидат түсіп отыр.
XS
SM
MD
LG