Accessibility links

Саян-Шушенск апатынан 64 адамның қаза болғандығы расталды


Ресейдің ең ірі су электр станциясындағы апаттан құрбан болғандардың саны 64-ке жетті. Ресейдің құтқару жұмыстары бойынша баспасөз хатшысының айтуынша, Сібірдегі Саян Шушенск станциясында дүйсенбі күні орын алған апаттан кейін 11 адам табылмай жатыр, олар қаза тапқан болуы мүмкін.

Премьер-министр Владимир Путин жұма күні апат болған жерге барып, құрбандардың отбасына өтемақы төлеуге уәде етті.
XS
SM
MD
LG