Accessibility links

Иранға арналған солтүстік кореялық қару тиелген кеме ұсталды


БҰҰ-ның дипломаттары Біріккен Араб Әмірліктері бірнеше апта бұрын Иранға апарыла жатқан Солтүстік Кореяның қару-жарақ кемесін тұтқындағанын айтып, бұл БҰҰ-ның эмбаргосын бұзады деп отыр.

Хабарларға қарағанда, жүк кемесінде зымыран сияқты гранаталар мен басқа да қару-жарақтар болған. Атын атамаған дипломаттардың сөзіне қарағанда, араб әмірліктерінің ресмилері бұл туралы БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне хабарлаған.

Солтүстік Кореяға қарсы санкцияны іске асыруға жауапты комитет бұл оқиғаны зерттеп жатыр. Және Теһран мен Пхеньянның бұған жауап беруін сұраған.

БҰҰ-ның дипломаттары Иран мен Солтүстік Корея Қауіпсіздік Кеңесінің Солтүстік Кореядан қару экспортына тыйым салатын 1874-ші қарарын бұзып отыр деді.

Ол қарар Пхеньян мамыр айында зымыран сынағын жасаған соң енгізілген еді.
XS
SM
MD
LG