Accessibility links

Франция: Батыс күштері Ауғанстаннан әлі шығарылмайды


Франция сыртқы істер министрі Бернард Кушнердің мәлімдеуінше, батыс күштері Ауғанстандағы жағдай тұрақталмайынша елді тастап кете алмайды. Бұл туралы Кушнер Парижде АҚШ-тың арнайы өкілі Ричард Холбрукпен және тағы басқа 25 елдің өкілдерімен өткізген келіссөздерінен кейін хабарлады.

Ресмилер Ауғанстандағы президент сайлауының нәтижелері туралы мәселені талқылау үшін Парижде жиналған болатын.

Холбруктың айтуынша, АҚШ үшін Ауғанстандағы дауыс берулердің әділ болғандығы маңызды. Осыдан екі күн бұрын Ауғанстандағы АҚШ пен НАТО күштерінің қолбасшысы елдегі стратегияны өзгертуге шақырған болатын.
XS
SM
MD
LG