Accessibility links

Лавров: Ресей-АҚШ ядролық келіссөзінде алғабасушылық бар


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресей мен АҚШ арасындағы ядролық қарусыздану туралы келісімді жаңартуға бағытталған әрекеттер сәтті болуда деп мәлімдеді. Ресей ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Лавров президент Дмитрий Медведев пен АҚШ президенті Барак Обаманың қыркүйек айындағы кездесуі алдында әлгі мәселе жөнінде баяндама жасалатын болады деген.

Шілде айында Обаманың Мәскеуге сапары барысында Ресей мен АҚШ президенттері ядролық қаруларды азайту жөніндегі жаңа келісім жасауға келіскен болатын. 1991 жылы жасалған Стратегиялық қаруларды азайту туралы келісімнің мерзімі желтоқсанның 5-де аяқталады.
XS
SM
MD
LG