Accessibility links

Қазақстанда тікұшақ апатынан 10 адам құрбан болды


Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында орын алған тікұшақ апатынан 10 адам қаза тапқан.

"Жаңалықтар-Қазақстан" агенттігінің мәліметінше, бүгін құлаған тікұшақтың ішінде 13 адам болған, олардың үшеуі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекаралық қызметінің Ми-8 тікұшағымен сейсенбі күні байланыс үзілген болатын.
XS
SM
MD
LG