Accessibility links

ЕуроОдақ бақылаушылары: Ауған сайлауында 1.5 млн дауыс күдікке ілінді


Еуропа Одағының бақылаушылары Ауғанстандағы дауыс берулерде сайлау бюллетендерінің төрттен бірі бұрмаланған болуы мүмкін деп мәлімдеді.

ЕуроОдақтың сайлауды бақылау миссиясы басшысының орынбасары Димитра Иоанноудың айтуынша, тамыздың 20-дағы сайлауда шамамен 1.5 миллион дауыс бұрмаланған болуы мүмкін. Күдікті дауыстардың 1.1 миллионын Қарзай жинаған болса, 300 мыңына оның негізгі қарсыласы Абдулла Абдулла қол жеткізген. Күдікті дауыстардың қалғандары басқа да үміткерлердің атына жазылған.

Президенттік сайлауларда жалпы 5.5 миллион дауыс берілген. Сайлауға қатысты шағымдарды қараған халықаралық комиссия Ауғанстандағы сайлау учаскелерінің шамамен 10 пайызында дауыстар қайта саналуы тиіс деп атап көрсетті.

AzattyqTV

28 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG