Accessibility links

АҚШ әскери басшысы ауған соғысына көбірек сарбаз жіберуді қалайды


АҚШ президенті Барак Обаманың әскери кеңесшісі Талибанмен күресу үшін Ауғанстанға қосымша әскер жіберу керек болуы мүмкін.

Штабтар басшыларының бірлескен комитетінің төрағасы адмирал Майк Муллен Конгресте сөйлеген сөзінде Ауғанстандағы соғыс қиындап барады, дұшпандар күшеюде деп атап көрсетті.

Бұл уақытта АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон сейсенбі күні журналистерге берген сұхбатында әкімшілік Ауғанстанға қосымша күштер жіберу мәселесі туралы ойластырып жатыр деп хабарлады. Обама әкімшілігі бұдан бұрын Ауғанстанға 21 мың сарбаз жіберуді мақұлдаған болатын.
XS
SM
MD
LG