Accessibility links

Халықаралық киногерлер Поланскиді қолдап шеру өткізді


Құрама Штаттардың сұрауымен Швейцарияда тұтқындалып, Калифорнияға экстрадицияланбақшы кинорежиссер Роман Поланскиді қорғап белгілі киногерлер шеру өткізді.

Калифорнияда ол 1977 жылы кәмелеттік жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынаста болған деген айып бойынша сотқа тартылады. 76 жасар Полански өткен сенбіден бері Швейцария түрмесінде отыр.

Ол Цюрих қаласындағы кинофестивалден жүлдесін алуға барғанда ұсталды. Ішінде Майкл Манн, Вим Вендерс және Педро Альмодовар сияқты 70-тен аса киножұлдыз Поланскидің босатылуын сұраған петицияға қол қойған.

Франция сыртқы істер министрі польшалық әріптесімен бірлесіп, Оскар сыйлығының иегері, тегі польшалық, Франция азаматы Роман Поланскиге көмектесуге тырысып жатқанын айтқан.
XS
SM
MD
LG